Астанада: «Тәуелсіздікке 20 жыл: Қазақстан Республикасының адам капиталы дамуының сапасы мен келешегі» Екінші халықаралық конференция өтті.

Астанада: «Тәуелсіздікке 20 жыл: Қазақстан Республикасының адам капиталы дамуының сапасы мен келешегі» Екінші халықаралық конференция өтті.  15.09.2011

2011 ж. 06 қырықүйекте Астанада: «Тәуелсіздікке 20 жыл: Қазақстан Республикасының адам капиталы дамуының сапасы мен келешегі» атты екінші халықаралық конференция өтті. Конференцияға Премьер-министр орынбасары Ербол Орынбаев, білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, және орталық атқару органдарының, ұлттық компаниялардың, бизнестің, кәсіби бірлестіктердің, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, сондай ақ қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – талқылауға жағдай жасау және қазіргі заманның төмендегідей басты мәселелерін шешуді іздестіру: қалай бәсекелестікке қабілетті ұлт болу, ҚР-ның адам капиталының сапасын қалай өлшеу керек, компанияларда адам капиталының жоғары өнімділігіне қалай қол жеткізу керек, бизнестің, мемлекеттің, білімнің және жеке тұлғаның араларындағы ынтымақтастық қалай болу керек.

Конференция төрт негізгі секциялар бойынша жұмыс істеді:

1) «Жеке адам капиталы»;

2) «Корпоративті адам капиталы»;

3) «Ұлттық адам капиталы»;

4) «Зияткерлі капитал».

БСҚА, адам капиталың өлшеу тәсілдері, білім беру саласындағы адам капиталы, біліктілік шеңберлерін жасау және білім берудің жаңа моделі т.с.с. сұрақтар талқыланған үшінші секцияның жұмыстарына қатысты.

Конференция бағдарламасын және спикерлердің презентацияларын толығырақ www.hclead.kz сайтынан көруге болады. 


Тізімге оралу