Құжаттар
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің 2011 жылғы «30» желтоқсан
№ 556 бұйрығымен бекітілген
Аккредитациялық органдардың, аккредиттелген білім
беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын Ұлттық
тізілімдерге енгізудің тәртібі мен талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аккредитациялық органдардың, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын ұлттық тізілімдерге енгізудің тәртібі мен талаптары (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 10 тармақшасына сәйкес әзірленген; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 қаулысымен бекітілген Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (1-кезең) іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді және Аккредитациялық органдарды (бұдан әрі – 1-Ұлттық тізілім), аккредиттелген білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – 2-Ұлттық тізілім) және білім беру бағдарламаларын(бұдан әрі – 3-Ұлттық тізілім) ұлттық тізілімге енгізуді, аккредитациялық органдарға қойылатын талаптарды және аккредитациялық органдарды, аккредиттелген білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын тіркеу тәртібін анықтайды.
2. Тіркеу объектісі институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді жүзеге асыратын аккредитациялық органдар, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары болып табылады.
3. 1-Ұлттық тізілімде білім беру саласындағы уәкілетті орган таныған ұлттық және шетелдік аккредитациялық органдарды, олардың білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімін жүзеге асыру жөніндегі заңдылығын тіркеу және есепке алу жүргізіледі.
4. Білім беру саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады (бұдан әрі – Министрлік).
5. 1-Ұлттық тізілімді Республикалық аккредиттеу кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) ұсынымдарының негізінде Министрлік қалыптастырады және білім беру саласындағы аккредиттелген органдардың деректер базасы болады.
Кеңес ережесі Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
6. 2-Ұлттық тізілім институционалдық аккредиттеуді өткен танылған қазақстандық аккредитациялық органдар мәліметі негізінде Министрлік қалыптастырған білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламасының тізімін береді.
7. 3-Ұлттық тізілім танылған қазақстандық және шетел аккредитациялық органдар мәліметі негізінде Министрлік қалыптастырған білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламасының тізбесін береді.
8. Оқу орындары аккредиттеу 1-Ұлттық тізілімге енгізілген қазақстандық немесе шетелдік аккредитациялау агенттігімен (органмен) жүргізілген жағдайда ғана мойындалады.
Білім беру бағдарламаларын қазақстандық немесе шетелдік аккредиттеу 1-Ұлттық тізілімге енгізілген аккредитациялау агенттігімен (органмен) жүргізілген жағдайда ғана мойындалады.
9. Білім беру ұйымдарына кәсіби аккредитациялық органдар туралы ақпараттар беру үшін Министрліктің Интернет қорына 1-Ұлттық тізілім орналастырылады.
10. Жұмыс берушілерге, студенттерге, талапкерлерге және олардың ата-аналарына аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беру мақсатында 2 және 3-Ұлттық тізілімдер Министрлік пен кәсіби аккредитациялық органдардың Интернет қорына орналастырылады.
2. Аккредитациялық органдарға қойылатын талаптар
11. Аккредитациялық орган:
1) коммерциялық емес ұйым нысанында заңды тұлға ретінде заңды деп тану – Қазақстан Республикасының әділет органдарында немесе шетелде тіркеуі;
2) берілген міндеттер мен мақсаттарға сәйкес қызметтерді жүргізу үшін қажетті материалдық және ақпараттық ресурстар: штаттық қызметтерлер 4 кем болмауы; қажетті жабдықтары бар қызмет орны (компьютерлер, көшірме және факс аппаратры, қалааларлық байланысы бар телефон);
3) өтініш білдірілген міндеттерге сәйкестігіне білім беру ұйымдары сарапшыларының жүргізген сапаны сырттай бағалау және мамандардың бейіні жөніндегі сарапшылардың деректер базасы;
4) аккредитациялық органдар қолданылатын процестер мен рәсімдердің сипаттауына жұртшылықтың қол жетімділігі үшін агенттіктің Интернет қоры;
5) аккредитациялық органның институтционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің әзірленген стандарттары;
6) білім беру ұйымдарын акредиттеу рәсімнен өткізуге арналған әдістемелік база: институационалды және мамандырылған аккредитациялардың өздік бағалау тәртібін жүргізу үшін; сыртқы сараптамаларды (аудит) жүргізу үшін жетекшілердің бар болуы;
7) білім сапасы кепілдігінің халықаралық желілерге толық немесе қауымдастырылған мүшелігі (INQAAHE, ENQA, APQN) және ынтымақтастық туралы халықаралық келісімі;
8) білім беру ұйымдарымен аффилировлігінің жоқтығы негізінде танылады және тіркеледі: аккредитациялық органның офисы білім беру ұйымының аумағында болмау тиіс.
3. Аккредитациялық органдарды тану тәртібі.
12.Министрлік таныған аккредитациялық органдар 1-Ұлттық тізілімге тіркеледі және есепке алынады.
13. 1-Ұлттық тізілімге тіркеу үшін аккредитациялық орган Министрлікке мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Ереженің 1 қосымға сәйкес ұсынылған нысан бойынша өтініш;
2) құрылтайшылық құжаттардың нотариалды расталған көшірмесі;
3) осы Ереженің 2 қосымшаға сәйкес және осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген, аккредитациялық органдардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
14. 1-Ұлттық тізілімге шетелдік аккредитациялық органдарды енгізу туралы мәселе есепке ала отырып заңды тұлғалардың шағымдары 13-тармағына сәйкес негізінде қарастырылады, сонымен қатар келесі жағдай сақтау керек:
1) оларды елдің аккредиттеу органдары ұсынған ұлттық реестріне енгізу;
2) Болон декларациясына қол қойған елдердің аккредитациялық агенттіктері үшін сапаны қамтамасыз етудің Европалық регистріне (EQAR) енгізілген қажет болады;
3) сыртқы аудитті жүргізу барысында шетел агенттіктер шетел сарапшыларымен қатар қазақстандық Ұлттық реестрге енгізілген акредиттеу органдарының ұсынылымы бойынша қазақстандық сарапшыларды комиссия құрамына енгізеді.
15. Министрлік ұсынылған материалдардың толықтығын, олардың анықтығын тексереді және құжаттарды қарастыру үшін Кеңеске жібереді.
16. 1-Ұлттық тізілімге тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі түскен күннен бастап екі айдан аспауы қажет.
17. Кеңес аккредитациялық органды тану немесе танымау, тиісінше 1-Ұлттық тізілімге ресми тіркеу мүмкіндігі немесе мүмкін емес екендігі туралы шешім қабылдайды.
Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
18. Кеңес қабылдаған шешім одан әрі шешім қабылдау үшін Министрлікке жіберіледі.
19. Министрлік Кеңес ұсынымдарының негізінде акредитациялық органды тану немесе танымау туралы соңғы шешім қабылдайды, аталғаны Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
20. Танылған аккредитациялық орган бес жыл мерзімге 1-Ұлттық тізілімге тіркеледі және Министрліктің ұлттық тізіліміне тіркелгендігі туралы куәлік алады.
21. 1-Ұлттық тізілімге енгізілген аккредитациялық органдар аккредиттеу қызметі туралы жыл сайын Білім министрлігіне жылдық есеппен 8 және 9 тармақтарға сәйкес 2 және 3-Ұлттық тізілімдер үшін ақпараттар береді, олар Интернет қорына орналастырылады.
22. Аккредитациялық органдарға (EQAR) – ға кіргендерден басқасына бес жылда бір рет Қенес тарапынан сырттай бағалау жүргізіледі, онда агенттіктің аккредиттеу рәсімдерін жүргізуінің қорытындылары сыртқы аудитті қатыстыра отырып бағаланады.
23. Аккредитациялық орган, оны танудан бас тартқан жағдайда, кемшіліктерді қалпына келтіргеннен кейін 1 жылдан кешіктірмей тануды алу үшін қайта құжаттар тапсырады.
24. Аккредитациялық орган:
12-тармақ, аккредитациялық органға қойылған талаптарды сақтамаса;
21-тармақ талаптарын сақтамаса;
2-Ұлттық тізілімді қалыптастыру үшін Министрлікке ұсынылған анықтамадағы мәліметтердің күмәнділігі немесе бурмаланғандығы анықталса;
аккредиттеу органы қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
қызметін ерікті түрде тоқтату туралы аккредитациялық орган өтініш берген жағдайларда 1-Ұлттық тізілімнен шығырылады.
тіркелген сәттен бастап бес жыл мерзімнің аяқталуына байланысты шығарылады.
Аккредитациялық органдардың,
аккредиттелген білім беру ұйымдары
мен білім беру бағдарламаларын
Ұлттық тізілімдерге енгізудің
тәртібі мен талаптарына
1-қосымша
Кімге:_________________________________________________________
(лауазымы, орталық мемлекеттік
______________________________________________________________
орган басшысының А.Ә.Т.)
Кімнен:________________________________________________________
(лауазымы, аккредитациялық
______________________________________________________________
орган басшысының А.Ә.Т.)
Реквизиттері:___________________________________________________
(заңды мекен-жайы, байланыс телефоны)
______________________________________________________________
Өтініш
1-Ұлттық тізілімге ресми тіркеу үшін ________________________
(орталық мемлекеттік органның атауы)_________________________________________________________
______________________________________________________________
(аккредитациялық органның атауы)
____________________________________________қызметін тануды өтінемін.
Өтінішке төмендегідей құжаттар тіркелді:
1._____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
3._____________________________________________________________
4._____________________________________________________________
5._____________________________________________________________
МО ________________ ___________________
(қолы) (лауазымы А.Ә.Т.)
Мерзімі: «____» ________________ 20_____ ж.
Аккредитациялық органдардың,
аккредиттелген білім беру ұйымдары
мен білім беру бағдарламаларын
Ұлттық тізілімдерге енгізудің
тәртібі мен талаптарына
2-қосымша
Ақпарат парақшасы
|
Өтініш беруші (ұйымның атауы) | |
|
Веб-сайт Шолу есебіне тікілей сілтіме |
Өтініш берушінің жүргізген бағалаулары, аудиттері және/немесе аккредитациялары туралы жарияланған есептері |
|
Байланысатын тұлға: телефоны факс е-mail | |
|
Қысқаша жалпы сапаттау (барынша 5-6 бет) | |
|
Мамандану мәселен, пәндік саласы немесе кәсіптік секторы болған жағдайда (барынша 5-6 бет) | |
|
Білім беру сапасын бағалау өлшемдерін пайдалануы (барынша 5-6 бет) | |
|
Агенттік жұмыс істейтін елдер |