Міндеттер
- Халықаралық стандарттар негізінде институционалдық және арнайы аккредиттеудің критерилері мен стандарттарын, методологиясын жетілдіру;
- Берлин ұстанымдарының негізінде академиялық ранжирлеу көрсеткіштері мен стандарттарын жетілдіру және әзірлеу;
- Білім ұйымдарын институционалдық және арнайы аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу;
- Білім беру ұйымдарында аудитты және білім беру ұйымдарын бағалауды ұйымдастыру және өткізу;
- Жоғары оқу орындарын ранжирлеуді ұйымдастыру және өткізу;
- Білім беру қызметінің түрлі бағыттарының тұрақтылығы және бәсекеге қабілеті, тиімділігі жөнінде жоғары оқу орындарына ықпал етіп, көмек көрсету;
- Ғылыми зерттеу жұмысында және оқу процесінде инновацияны қолдануға ынталандыру;
- Тұрақты түрде мамандар даярлау сапасын жақсартуға ықпал жасау;
- Қоғамдық санада және жоғары оқу орындарында сапа мәдениетін дамыту;
- Білім беру қызметінің сапасы туралы нақты ақпарат беру арқылы тұтынушылардың құқы мен қоғамның қызығушылығын қорғау және есепке алу;
- Аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары туралы қоғамдық ақпарат тарату;
- Жоғары рейтинг көрсеткіштері бар жоғары оқу орындары туралы қоғамдық ақпарат тарату.