Агенттік туралы

Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәуелсіз агенттігі (БСҚА) 2008 ж. құрылған.

Агенттіктің қызметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, жоғары білім беру мекемелерінің ассоциациясымен, жоғары оқу орындарымен, жұмыс берушілер ассоциациясымен сондай-ақ, білім беру қызметін пайдаланушылармен әлеуметтік әріптестік принципіне негізделген.

Агенттіктің жұмысы Казақстанда енгізіліп жатқан жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің сапасы туралы шынайы мәліметтерді жүйелі алу процесін қамтамасыз ететін аккредиттеу процедурасы жүйесінің механизмін жетілдіруге бағытталған.

Миссия

Ұлттық және халықаралық деңгейде аккредиттеу шаралары мен академиялық ранжирлеу арқылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Міндеттері
  • Халықаралық стандарттар негізінде институционалдық және арнайы аккредиттеудің критерилері мен стандарттарын, методологиясын жетілдіру;
  • Берлин ұстанымдарының негізінде академиялық ранжирлеу көрсеткіштері мен стандарттарын жетілдіру және әзірлеу;
  • Білім ұйымдарын институционалдық және арнайы аккредиттеуді ұйымдастыру және өткізу;
  • Білім беру ұйымдарында аудитты және білім беру ұйымдарын бағалауды ұйымдастыру және өткізу;
  • Жоғары оқу орындарын ранжирлеуді ұйымдастыру және өткізу;
  • Білім беру қызметінің түрлі бағыттарының тұрақтылығы және бәсекеге қабілеті, тиімділігі жөнінде жоғары оқу орындарына ықпал етіп, көмек көрсету;
  • Ғылыми зерттеу жұмысында және оқу процесінде инновацияны қолдануға ынталандыру;
  • Тұрақты түрде мамандар даярлау сапасын жақсартуға ықпал жасау;
  • Қоғамдық санада және жоғары оқу орындарында сапа мәдениетін дамыту;
  • Білім беру қызметінің сапасы туралы нақты ақпарат беру арқылы тұтынушылардың құқы мен қоғамның қызығушылығын қорғау және есепке алу;
  • Аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары туралы қоғамдық ақпарат тарату;
  • Жоғары рейтинг көрсеткіштері бар жоғары оқу орындары туралы қоғамдық ақпарат тарату.
Әдістері
  • Білім ұйымдары үшін білім берудің менеджмент және басқару саласы бойынша оқыту семинарлары, тренингтерді ұйымдастыру және өткізу;
  • Эксперттерді дайындау және оларды сертификаттау (соның ішінде шетелдік эксперттерді қатыстыру арқылы);
  • Халықаралық білім беру және ғылым саласындағы жобалар,халақаралық бағдарламаларға қатысу;
  • Халықаралық аккредиттеуден өту үшін білім беру ұйымдарына қызмет көрсету/сәйкес құжаттарды дайындау және жоғары оқу орындарының шетелдік беделді/ аккредиттеу агенттіктерінен өтуіне қажетті процедураның орындалуына ықпал ету;
  • Жоғары оқу орындарының білім берудегі қызмет көрсету сапасын бағалау және талдау;
  • Агенттік қызметінің бағыты бойынша халықаралық білім ұйымдарымен халықаралық қатынас жасау;
  • Халықаралық, республикалық, аймақтық конференциялар, симпозиум, көрмелер ұйымдастыру.
БСҚА эксперттері жоғары оқу орындарына өз қызметтерін көрсетуде
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің заңнамалық, нормативтік, өкім құжаттарын;
  • Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
  • Қазақстан Республикасының институционалдық аккредиттеу критерилері және стандарттары;
  • БСҚА стандарттары;
  • Еуропа аймағындағы білім беру сапасын қамтамасыз етуде басшылыққа алынатын ұстанымдар мен стандарттар (ENQA);
  • INQAAHE сәйкес практикаға басшылық;
  • ENQA, APQN ұсыныстары қолданады.
Агенттіктің қосымша көрсететін қызметтері
  • Жоғары оқу орындарының өзін-өзі бағалау және білім беру қызметін тексеру қызметін жүргізуінің Қазақстан Республикасының институционалдық аккредиттеу критерилері және стандарттарына, БСҚА стандарттары мен критерилеріне сәйкес болуына ықпал ету;
  • Ішкі эксперттерді оқыту;
  • Жоғары оқу орындарының білім беру қызметі көрсеткіштерінің тиімділігіне ықпал ету;
  • Жоғары оқу орындарының білім беру қызметіндегі жаңа технология және ішкі сапа менеджменті бағыттары бойынша келешек дамуына ықпал ету;
  • Жоғары оқу орындарының тұрақты даму көрсетіштерінің есебіндегі- оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға сай ұсыныстар беру.

Жоғары оқу орындарының абройын арттыру және аймақтық білім берудің қызмет көрсету нарығында тұрақталуына бағытталған инновациялық жобаларды іске асыруға негізделген ұсыныстарды жасау.

Білім беру сапасын қамтамасыз ететін қазақстанның тәуелсіз агенттігі (БСҚА) білім беру ұйымдарында сапаны арттыру саласынның сұрақтары бойынша агенттіктермен, қорлармен, барлық ұйымдармен әріптестікке даяр.

Білім берудің негізі ұлттық білім беру жүйесінің келешекте бәсекелестікке қабілеттілігі тәуелді болатын білім берудің сапасын қамтамасыз ету және білім берудің үнемі сапалы болуына кепілдік беру.

БСҚА Еуропа Білім Сапасы қоғамдастығында(ENQA) статусқа ие.

БСҚА Халықаралық академиялық рейтинг ұйымының қатысушысы болып табылады (IREG).
Және де, БСҚА IREG атқарушы комитетіне кіреді.

БСҚА Халықаралық жоғары білім сапасын қамсыздандыру агенттігі желісінің (INQAAHE). толықтай мүшесі

БСҚА сапа бойынша Азиа-Тынық мұхит желісі (APQN) мүшесі болып табылады.